NewsPRESS RELEASEӘлеуметРуханият

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қаралым: 22
        Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылында күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі халықтың пайдалануына берілді.
        Мақтаарал ауданы үшін рухани маңызы ерекше бұл нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Насырханұлы Асанов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. «Бұл тұрғыдан келгенде біздің көсіле сөйлеуімізге болады. Арғы ата бабаларымыздан қалған асыл мұралар, Қазақ хандығының іргесі қаланғаннан бергі жиналған жауһар дүниелер әлем алдында абыройымызды биіктетіп келеді. Соларды насихаттап, көкке көте­ріп жүр­ген мәдениет саласы қызметкер­лері­нің еңбегі орасан. Әрине, өнерді құр­меттеп, мәдениетті өркендету – бар­шамыздың ортақ мақсатымыз. Десе де, мұражайлар мен кітапханалардың, театр­лар мен концерттік ұйымдардың, ха­лық шығармашылығы және мәдениет үй­лерінің, қалалық және ауылдық клубтардың қызметкерлерінің, сондай-ақ ақындар мен жазушылардың рөлі ерекше. Олар қоғамымыздағы руханият­ты дамытуға, игілікті, адам­гершілікті, қайы­рым­дылық пен өзара түсіністікті өріс­тетуге жол ашып, үз­дік мәдени дәстүр­лер­ді сақтауға һәм молай­туға ерекше мән беріп келеді» – деді, Бақыт Насырханұлы.
         Мәдениет үйінің ашылу салтанатында сөзге шыққан азаматтар – халқымыздың бай мəдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қо­сып келе жатқан азаматтардың еңбегі бағаланатын елеулі күн ел өмірінің ең айшықты сәтіндей ыстық екенін, себебі қаламға серт еткен ақын-жазушының, өнер мен тарих тағылымымен таныстыратын музей қызметкерінің, білім бұлағымен сусындатқан кітапханашының, маз­мұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нəрін сыйлайтын театр, кино жəне опера əртісінің, өңірлердегі мəдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегі ұмытылмақ еместігін айтты.
        Айта кетерлігі конкурстық құны 307 миллион теңге болатын осы «Алғабас» мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталды. Оны «КазЖоба Консалтинг» ЖШС-і нысанды жобаласа,  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған жаңа ғимарат екі қабаттан тұрады. 250 орындық концерт залы және үйірмелерге арналған бірнеше шағын залдар бар. 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, ғимаратта ауыл кітапханасы да орналасқан. Кітапқұмар балалар бос уақытын осында өткізеді.
        Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында 9 мәдениет үйі бар. Қазіргі таңда Достық ауылдық округі, Ж.Қалшораев елді мекенінде және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі Ынталы елді мекенінде мәдениет үйін салу жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *