Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

         Жетісай ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.
         Мәжіліске аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақжарқын Нөкерәулеті мен Жетісай аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Жанна Шалбекова, Жетісай аудандық ауруханасы бас дәрігерінің ана мен бала істері бойынша орынбасары Рауа Жұмабекова мен қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.
          Басқосуда күн тәртібінде бекітілген «Әйелдердің репродукті денсаулығын қорғау туралы: ана мен бала өлімінің проблемалары» тақырыбында аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Рауа Жұмабекованың, «Әйелдер мен балаларды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғау туралы. Сотқа дейінгі тергеп — тексерудің және жеке адамға қарсы қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың проблемалық мәселелері» тақырыбында Жетісай аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Жанна Шалбекованың баяндамалары тыңдалып, алдын алу шараларының кешенді жоспарлары таныстырылды.
Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақжарқын Нөкерәулеті ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтуді тапсыру мәселелері талқыланып, түсіндірілді.
          Комиссия мүшелері тарапынан әйелдер істері және отбасылық-демографиялық ахуалды жақсарту бойынша тиімді ұсыныстар айтылып, алдағы атқарылар жұмыстардың жоспарлары пысықталды.
         Мәжіліс соңында бөлім тарапынан дайындалған арнайы кітапшалар таратылды.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1