NewsPRESS RELEASEАнонсыӘлеуметҚылмыс пен жазаӨзекті мәселеПробация қызметі

ЖИЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

Қаралым: 27
             Біздің еліміздің қатардағы тұрғыны секілді, арнайы есепте тұрған азаматтардың да әлеуметтік жағдайын  мемлекетіміз әрдайым қадағалап, қажет болса, олардың жұмыспен қамтылуына жәрдем береді. Осы мәселе болйынша жуырда Пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығында арнайы жиын болып өтті.
            Оған қаламыздың – Әл-Фараби, Еңбекші, Абай, Қаратау және Тұран аудандарының прокуратура өкілдері, пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері және “Оңтүстік Құрылыс Сервис”, “Жасыл Жер”, “Шымкентцемент” АҚ т.с.с жұмыс берушілер қатысты.
             Жиын барысында тараптар сотты болған азаматтардың лайықты  жұмыспен қамтылуы, жұмыс берушілердің бөлінген квотаны орындау жағдайын және осы сұрақтар аясында туындаған кейбір проблемалық мәселелерді талқылады.
Шымкент қаласы, Тұран аудандық пробация қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *