Денсаулық

ЖЕТІ ӨҢІР “ҚЫЗЫЛ” АЙМАҚТА

Қаралым: 29
         Қазақстан  өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
         NUR.KZ сайтының берген ақпаратына сүйенсек, 22 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда жеті өңір “қызыл” аймаққа енген.  Олар:  Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары.
         “Сары” аймақта 5 өңір: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстары. 5 облыс  “жасыл” аймақта: Жамбыл,Шығыс Қазақстан,Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан  облыстары. Және тағы айта кететін жайт, Қазақстанда өткен тәулікте  2267 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
      Аймақтар бойынша: Нұр – Сұлтан қаласы – 351, Алматы қаласы – 521, Шымкент қаласы -74,  Ақмола облысы – 134, Ақтөбе облысы – 68, Алматы облысы – 179, Атырау облысы – 119, Шығыс Қазақстан облысы — 94, Жамбыл облысы — 31, Батыс Қазақстан облысы – 102, Қарағанды облысы — 326 , Қостанай облысы — 40 , Қызылорда облысы — 27, Маңғыстау облысы — 43, Павлодар облысы – 93, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Түркістан облысы – 36 .
Ақерке КӨКТЕУБАЙ,
№4 Тілеміс батыр атындағы ЖОМ-ның
11-сынып оқушысы.
Ақтоған ауылы, Меркі ауданы,  Жамбыл облысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *