Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҰСТАЗ ӘРІ БАЛЫҚШЫ КЕЛІНШЕК ЕҢБЕКҚОРЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕП ЖҮР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҰСТАЗ ӘРІ БАЛЫҚШЫ КЕЛІНШЕК ЕҢБЕКҚОРЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕП ЖҮР

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҰСТАЗ ӘРІ БАЛЫҚШЫ КЕЛІНШЕК ЕҢБЕКҚОРЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕП ЖҮР

           Тіршілікте ерлермен бірге еңбек етіп, қосымша кәсіппен айналысып жүрген әйелдер өте көп. Сондай тынымсыз жанның бірі – Эльмира Қанайқызы. Жетісай ауданы, Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінің тұрғыны Эльмираның негізгі мамандығы – мұғалім, ауылдағы мектепте бастауыш сыныпта сабақ береді. Алматы қаласында жоғарғы оқу орнын бітіріп диплом алғаннан кейін ауылға келіп, өмірлік жолдасыммен танысып шаңырақ көтереді. Бір ерекшелігі, ол 14 жылдан бері балық ұстап, одан түрлі тағам әзірлеумен айналысып келеді.
           Тұрмысқа шыққан кезде отағасы балықтан әртүрлі тағамдар жасап көрсетті. Ауылда өскенім болмаса, балық тағамдарын онша білмейтін едім. Уақыт өте келе өзім де жасауды үйрендім. Бұл салада өмірлік серігім Бақытжанды ұстазым десем болады. Қазіргі таңда балықтан 10-нан астам тағам және салаттар жасап, оны сатып пайда көремін. Білген адамға балықтың пайдасы өте көп. Құдайға шүкір, балаларымның денсаулығы жақсы. Бос уақытымда көлге түсіп, қармақпен балық аулаймын. Отағасына көмек беремін. Арасында ол той, жиындарға барып балықтан тағамдар жасап тұрады. Бір сөзбен айтқанда өзімізді өзіміз сүйреп келеміз. Балықтан тағамдар жасап беру бойынша халықтан тапсырыс көп түседі. Осындай тынымсыз еңбектің арқасында үй салдық, алған несиелерімізді жаптық, – дейді балықшы әрі ұстаз Эльмира Төлеева.
         Менен көбінесе балықтың сорпасын, хе деген салатын, бұқтырма тағамдарын сұрайды. Балықты тандырдан бастап, қазанға, жерошаққа пісіремін. Тиісінше, әрқайсысының дәмі әртүрлі болады, – дейді отағасы Бақытжан Қанатұлы.
           Өзгелерді де кәсіпкерлікке баулып жүрген Эльмира бос уақытында «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы өз оқырмандарына сабақ өтіп, білгенімен бөлісіп келеді.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1