ҚоғамСпорт

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖІГІТ ALASH PRIDE ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қаралым: 494


Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауылдық округінің Жаңа дәуір елді мекенінде 1995 жылы дүниеге келген Бағдос Олжабай 2021 жылдың 8 қазаны күні Алматы қаласында өткен Халықаралық турнирде жеңімпаз атанып, чемпиондық белбеуге ие болды.
Орта Азияның Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің кіл мықты 8 спортшысы қатысқан ALASH PRIDE GRAND PRIX турнирінде Бағдос Олжабай елдің намысын қорғап, жанкүйерлерінің үмітін ақтады.
 
Жастайынан спорттың еркін күреспен айналысқан Бағдос Олжабай бүгінде Ұлттық спорт Жекпе-жек федерациясының спортшысы.
 
Бұған дейін де 2019 жылы Ақтөбе қаласында өткен жекпе-жек спортының V фестивалінде және Қытайдың Пекин қаласында ММА-дан өткен әлем чемпионатында күміс жүлделерге ие болған. ALASH PRIDE турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *