Жуырда біздің кітапханамызда кітапханамыздың белсенді жас оқырмандарының қатысуымен жергілікті лирик ақын Тұрды Әлсейіттің туғанына 75 жыл толуына орай «Ауылымның адамдары» атты тақырыпта әдеби сұхбат кеш болып өтті.
Рухани маңызы ерекше осы іс-шарадан көзделген мақсат – жергілікті танымал лирик ақынның шығармашылығын жастарға кеңінен таныстыру, жас оқырмандарды ақынмен жүзбе-жүз кездестіріп, сыр-сұхбат құру, оларды ақынның шығармаларын таныстыра отырып, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, өлең-жырларының мағынасын ашып жеткізу, сол арқылы жастарды поэзияға сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды. Сондай-ақ оларды үлкенді сыйлауға, құрметтеуге үйрету де көзделді.
Іс-шараға қатысқан Қ.Үкібаев атындағы ЖББМ оқушылары іс-шараға белсене ат салысып, ақын аталарына өздерін қызықтарған сауалдарын қойды. Сонымен бірге, жас оқырмандардың бірі ақын аталарына арнап ән салса, екіншілері би биледі, ал келесілері лирик ақынның өлеңдерін жатқа орындап берді.
Осылайша әдеби іс-шара тамаша деңгейінде өтіп, көзделген мақсаты орындалды.