Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттарға өтінімдер 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында business.enbek.kz порталында қабылданып жатқанын хабарлаймыз.
     Гранттар әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға конкурстық негізде 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасылар мүшелері, асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбек етуге қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған азаматтар конкурсқа қатыса алады. Аталған әлеуметтік статустың біріне сай келсеңіз және жұмыссыз немесе тіркелгеніне 1 жылдан аспаған дара кәсіпкер болсаңыз сізді конкурсқа қатысуға шақырамыз. Сонымен қатар, «Бизнес бастау» бойынша кәсіпкерлік сертификатыңыз болуы тиіс.
       Сіз грант қаражатын ұтып алған жағдайда жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін қажетті еңбек құралдарын, жабдықтарды, мал мен құсты, көшет пен тұқымды сатып алуға, сондай-ақ бизнес жүргізуге арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеуге жұмсай аласыз.
       Конкурсқа қатысу үшін business.enbek.kz сайты арқылы өтінім берсеңіз болады.
Мақтаарал аудандық  «Мансап» орталығы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1