Бүгін, 26 қазанда Түркістан облысының мектептерінде «Green challenge» ағаш отырғызу республикалық шарасы өтті.
Қазақстанның экологиялық қорының бастамасымен экошара Түркістан қаласының Мырзахан Пошанов атындағы №21 мектебінде және Кентау қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды.
Аталмыш шара Республика күні мерекесіне орайластырылды. Экошараға облыстық Білім басқармасының өкілдері, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығыныңмамандары, Қазақстанның экологиялық қоры мүшелері, мектеп ұжымы мен оқушылары сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.
Ең алғаш челлендж 2022 жылғы Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласының №43 қосымша білім беру мектебінен бастау алған болатын. Маңғыстау, Павлодар облыстарында жалғасын тауып енді киелі Түркістанға жетті.




