Қоғам

ЖАЗАҒА ТАРТЫЛҒАНДАР ЖАРЫС АЛАҢЫНДА

Қаралым: 78
       Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық пробация бөлімінде есепте тұратын жастар арасында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен спорттың стол теннисі түрінен аудандық турнир болып өтті.
        Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып бұқаралық спортты дамыту, үстел теннисін жастар арасында кеңінен насихаттау және олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырылуына дағдыландыру, пробациялық есепте тұратындардың өздерін қоғамнан шет сезінбеулеріне, қайта бейімделуіне жағдай жасау мақсатында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған жарысқа аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков, аудандық мәслихат депутаттары Кобейбек Алиев пен Рустем Наматуллаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев пен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Амангелді Мұсабеков, пробация бөлімінің басшысы Еламан Бекбалаев қатысты.           Кезінде тағдыр тәлкегімен аяғын шалыс басып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған жандардың белсенділігіне алғыс білдірген шара қонақтары қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тіледі. Барлық санитарлық және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаған аудандық пробациялық бөлім инспекторларының мәліметінше бүгінде ауданда есепте тұратын азаматтардың жалпы саны 244 болса, олардың ішінде 29 жасқа дейінгі азаматтар саны 94.  Оларды тұрақты және ақылы қоғамдық жұмыстарға орналастыру, қайта даярлау курстарынан өткізіп, қысқа мерзімді оқуларға жіберу ісі де дұрыс жолға қойылған. Ал, бүгінгі турнирге карантиндік шектеулерге байланысты 34 жас қатысуда. Өзара тартысты өткен турнирде қатысушылар өздерінің жеңіске деген ұмтылыстары мен дайындықтарының жоғары екендіктерін дәлелдеп, әдемі ойын өрнегін көрсетті.       Жарыс соңында ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаз атанған азаматтар мен барлық қатысушылар дипломдармен, медальдармен марапатталды. «Алдағы күндері пробациялық есепте тұратын азаматтармен волейбол, баскетбол ойындарымен қатар ұлттық спорт түрлерінен, нақтырақ айтар болсақ – арқан  тартыс, асық ату, теңге ілу, аударыспақ секілді ұлттық ойындардан, карантиндік талаптарды толықтай сақтай отырып, жарыс өткізуді жоспарлап отырмыз»-дейді осы шараны ұйымдастырушылар.
С.ОРАЗӘЛІ,
Жетісай аудандық пробация
қызметі бөлімінің инспекторы,
әділет аға лейтенанты. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *