NewsPRESS RELEASEӘдебиетБілім саласыҚұттықтауПрозаРуханият

ЕЛ МЕРЕЙІНЕ БӨЛЕНГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫС

Қаралым: 181
        Қазақ руханияты мен әдебиетіне зор еңбек сіңірген көрнекті жазушы, тарихшы, этнограф, фольклортанушы Зейнолла Мүбәракұлы «90 жылдық мерейтойы» аясында 2025 жылдың 16 мамырында «Шәкәрім университеті» мен «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» ұйымдастыруымен «Сөз ғұмыр» республикалық шығармашылық сайысы өтті.
           Байқауға, еліміздің 12 жоғары оқу орнынан 20-дан астам студент пен магистрант қатысты.
           Жас қаламгерлердің басын қосқан бұл игі шара – ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан Зейнолла Сәніктің бай шығармашылық мұрасын насихаттауға, сондай-ақ, жас буынның әдебиетке деген қызығушылығын оятуға, таланты мен дарынын танытуға бағытталды.
            Сайыстың негізгі мақсаты – Ғалым Зейнолла Сәніктің шығармашылығын зерделеп, қазақ мәдениеті мен ұлт руханиятындағы орнын айқындау, жас ұрпақты зерттеу-ізденіске баулу, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, поэзия мен прозадағы қабілеттерін ұштап, жаңа есімдерге жол ашу.
Байқау үш кезең бойынша өтті:
1. «Зейнолла Сәнік тағылымы» атты мүшәйра – жас ақындардың жыр додасы;
2. Көркемсөз оқу байқауы – Зейнолла Сәніктің тарихи шығармаларынан үзінді оқу;
3. «Сөз зергері Зейнолла Сәнік» атты эссе байқауы – көрнекті қаламгердің рухани мұрасы туралы тың ой толғау.
Сайыс нәтижесінде, Павлодар қаласындағы «Инновациялық Еуразия университетінің» «Филология» факультетінің 2 курс магистранты, ақын, аудармашы, жас ғалым Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы «Ынталандыру сыйлығына» ие болды.
           Бұл жетістік – жас қаламгердің шығармашылық ізденісінің, рухани ізгіліктерге деген құлшынысының жарқын дәлелі.
            Құттықтаймыз!   Жас таланттарға Шабыт пен Сәттілік серік болсын!
Дәмеш ОМАРБАЕВА,
ҚР «Әлем Халықтары жазушылары Одағының» мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *