Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ

ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ

         Біздің елімізде Ата Заң барлық құжаттардың қайнар көзі, бастауы болып табылады. Кез-келген мемлекеттік орган, мекеме, ұйым өзінің қызметінде Конституцияны басшылыққа ала отырып, сол бойынша өз қызметтерін жүзеге асырады.
        1993 жылғы 28 қаң­тар­да қабылданған бас құ­жаттың кейбір тарауларына өзге­рістер мен толықтырулар енгізіліп, 1995 жылы 30 тамызда қазіргі Ата Заңымыз қабылданды.
        Ата Заңымыз – бейбіт­шілік пен ынтымаққа, еркіндік пен теңдікке апаратын даңғыл жол болып табылады. Тоғыз бөлімнен тұратын Ата Заңда еліміздің азаматтарына толық жағдай жасалған.  Енді осы басты құжаттың кейбір жерлеріне тоқталып өтейік.
       Конституцияның 1-бабында мем­лекетіміздің ең қымбат қазы­на­сы – адам және оның өмірі, құ­қықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Сонымен қатар, аза­маттың жеке бостандығы, консти­ту­циялық құқықтары бекітілген. Атап айтқанда, олар адамның жеке өмі­ріне, қадір-қасиетіне қол сұғыл­мауы, әркімнің өзінің және отба­сылық құпиясының болуы, абы­ройы мен ар-намысының қорға­луы, әркімнің өзінің жеке салым­дары мен жинаған қаражатының, жазылған хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пош­та, телеграф арқылы және басқа да жол­дармен алысқан хабарларының құ­пиялылығының сақталуы, қай ұлт­қа, қай партияға және қай дінге жата­тынын өзі анықтауға және оны көр­сету-көрсетпеуге хақылы екені, ана тілі мен төл мәдениетін пайда­лануы, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін таңдап алуы.
        Сонымен бірге, мемлекетіміз Ата Заңымыз аясында Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасай­ды және жасап та келеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтары шет елдерде жүрген кезде мемлекеттің қорғауында бо­лады. Жеке меншік мүлкі, отбасы, ар-ожданы мен жеке басының өмірі заңдармен қорғалады. Азаматтар тегін орта білім алуға, мемлекет кепіл берген тегін медициналық көмек алуға құқылы, сонымен қатар, ақылы медицина­лық жәрдем алу заңдарда белгі­лен­ген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.
          Мемлекет медицинамен қамту және білім беру, ауқымды тұрғын үй құры­лысы, еңбекақы мөл­шерін және әлеуметтік тө­лем­дерді көбейту, азаматтар мен кәсіп­кер­лердің салық ауыртпашылығын төмендету сияқты әлеуметтік мәселе­лерді бұрынғыдан гөрі ұтымды шешуге қол жеткізді. Осының бәрі Ата Заңысызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің өз азаматтарына жасап жатқан қамқорлығы болып табылады.
Кулбайра БЕКЕНОВА,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің Асықата бөлімі архивисі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1