NewsPRESS RELEASEЖаңалықтарХабарландыру

ЕЛДІГІМІЗДІ АСҚАҚТАТҚАН ЕГЕМЕНДІК

Қаралым: 72
           2024 жылғы 21 қазан күні Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының, Абай атындағы ҚазҰПУ «Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының және «Қазақстандық философиялық конгрессі» ұйымының  бірлесе ұйымдастыруымен ұлттық мереке — Республика күніне арналған «Елдігімізді асқақтатқан Егемендік» атты мерекелік іс-шара өтеді. 
          Іс-шараның мақсаты — ұлттық сана сезімнің жоғары деңгейін қалыптастыру, оның маңызды компоненттерін – қазақ халқының тарихын, тілін, салт-дәстүрлерін, өзіндік ерекшелігін, қазақ халқының ұлттық мүдделерін, сондай-ақ студент жастар арасында этносаралық толеранттылықты, қоғамдық келісімді және патриоттық тәрбиені қалыптастыру болып табылады.
         Іс-шараның негізгі жұмыс бағыттары:
  1. Егемендік және еркіндік философиясы;
  2. Ұлттық құндылықтар — ұлт қазынасы;
  3. Егемен еліміздің болашағы — жас ұрпақтын қолында
        Іс-шараға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің, Әл—Фараби атындағы ҚазҰУ нің және Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің студенттері қатысады.
       Іс-шараны Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұймдастырады.
Өткізілетін орны: Құрманғазы 40
Өткізілетін күні: 21 қазан
Өткізілетін уақыты: 15.00
       Жауапты: Алматы қаласы бойынша  Қазақстан Халқы Ассамблеясы Хатшылығының   Ғылыми Сараптамалық Тобы  мүшесі,  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті. филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы.
Ұялы тел: 8-708-106-00-25.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *