Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БҰЛ РЕФЕРЕНДУМ БІЗГЕ НЕ АЛЫП КЕЛЕДІ, НЕЛІКТЕН МЕН ОНЫ ҚОЛДАЙМЫН? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » БҰЛ РЕФЕРЕНДУМ БІЗГЕ НЕ АЛЫП КЕЛЕДІ, НЕЛІКТЕН МЕН ОНЫ ҚОЛДАЙМЫН?

БҰЛ РЕФЕРЕНДУМ БІЗГЕ НЕ АЛЫП КЕЛЕДІ, НЕЛІКТЕН МЕН ОНЫ ҚОЛДАЙМЫН?

           Менің жасым 23-те. Аудандық мәслихатқа «Ауыл» партиясы атынан сайланып, бүгінде қарапайым ауыл тұрғындары мен жастарының мүдделерін қорғаудамын. Осы жолымда маған бүгінгі референдумның көп көмегі тиетіндіктен және де осы Конституциялық реформаның жас буын үшін ерекше маңызға ие екендігін жақсы түсінгендіктен өз құқығымды пайдаланып алғашқылардың қатарында өз таңдауымды жасадым.
          Осы референдумның нәтижесінде жас ұрпақ үшін мемлекеттік дамудың ең озық үлгісі енгізгелі отыр. Соның арқасында біз секілді жастардың алдында аға ұрпақ көрмеген көптеген мүмкіндіктер ашылғалы тұр. Соны тиімді пайдаланып, ел игілігі үшін дұрыс пайдалануымыз керек.
        Енді «Референдумнан кейін елде не өзгереді?»  деген сауалға келсек, өзгерістер тек орталық деңгейде ғана емес, сондай-ақ өңірлерде де кең көлемде жүретін болады. Ал сол өзгерістерді жүзеге асыруда біз секілді жастар мен қарапайым халық өкілдері белсенділік танытуы қажет.
        Басты жаңалықтардың бірі – көпшілік асыға күткен Конституциялық сот құрылатын болады. Бұл жаңалық кез-келген қазақстандықтың өміріне қатысты болады. Себебі осы Конституциялық сотқа барша ел тұрғындарының, сондай-ақ прокуратураның, омбудсменнің де өзекті мәселе бойынша тікелей жүгінуіне құқығы болады.
        Аймақтарға келетін болсақ, жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажын жоқтаушы, солардың сенім артатын органы саналатын – мәслихаттардың маңызы мен рөлі артады. Яғни соның арқасында біз жергілікті мәслихаттардың депутаттары, өз сайлаушыларымыздың мұң-мұқтаждарын тезірек шешуге мүмкіндігіміз болады.
         Қорыта айтсам, осы референдумның арқасында әрбір азамат өзін мемлекеттің дамуына, оның болашағына қатысы бар екенін, осы елдің азаматы екенін жақсы сезіне алады. Бұның өзі болашақтағы барлық игі өзгерістердің біз бастауы болатынының белгісі емес пе? Ал бүгінгі референдум осы ұлы бетбұрысқа халықтың ақ батасын алу болып табылады. Сондықтан оған қатысуды мен өзімнің қастерлі парызым деп санадым.
Сеңгірбай Бауыржан Сеңгірбайұлы,
аудандық мәслихаттың депутаты.   

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1