Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

         Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудандық білім бөліміне қарасты күрделі жөндеуден өтіп жатқан А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беру мектебінде болып, құрылыс жұмыстарымен танысты деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
         1967 жылы 536 оқушыға лайықтап салынған бұл білім ордасында бүгінгі таңда 1-11 сыныптар аралығында екі ауысымда 838 оқушы білім алады. 57 жыл ішінде бірде-бір кешенді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген білім ордасында «Ремстрой» ЖШС-і тарапынан мамыр айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
         Осы білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысқан аудан басшысы жұмысты тездету үшін мердігерлерге – құрылыс жұмысына тартылған жұмысшылардың санын қосымша 80-100 адамға дейін көбейтіп, оларды қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуді, құрылыстың сапасына мән беруді, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін толығымен аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстарына құрылыс саласында жүрген Мырзакент кентінің тұрғындарын да тартуды талап етті.
          Жақында аудан басшысы осындай күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Атакенттегі типтік үлгідегі 570 орындық №6 Қ.Сәтпаев атындағы білім ошағында да болған еді.  Мұндағы құрылыс жұмыстары биыл маусым айында басталып, толығымен келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мүндай жұмыстар М.Тұрсын-Заде атындағы білім ордасында да жүргізілуде. Атап кетерлік жай, Б.Асановтың өкімімен аталған мектептердің құрылыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қадағалаушы жұмысшы тобы құрылған.
         Жалпы алғанда 2024 жылы Мақтаарал ауданы бойынша 5 мектепте түрлі  жұмыстар жүріп жатса, 4 мектептің қазандығын табиғи газға ауыстыру жоспарланған. «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы шеңберінде Атакент кентінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның тапсырысымен 1 500 орындық мектеп салынуда. Оны мердігер – «Bazis Construction» ЖШС белгілеген кесте аясында салып жатыр.  
С.ҚУАНЫШБЕК.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1