Құрметті Мырзакенттік кәсіпкерлер!
Сіздерден кәсіпкерлік нысандарыңызға бейнебақылау камерасын орнату сұралады. Басты мақсат – заң бұзушылықтың алдын алу. Сонымен қатар, ұрлық пен тонаудың жолын кесу.
Бейнебақылау жүйелерінің дамуы — заңбұзушылықтың алдын алудың тиімді әдісі.
Бейнебақылау құрылғысын орнатудың тиімділігі түрлі деңгейдегі құқық бұзушылықты бұлтартпай дәлелдеу әрі осы құрылғылардың көмегімен тазалық пен тыныштықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Бейнебақылау құрылғысын орнатудың бұл біріншіден, сіздердің кент тазалығына, қауіпсіздігіне қосқан үлес болса, екінші жағынан сананың жаңғыруын көрсетері анық.
«Мырзакент кенті әкімі аппараты» ММ.