Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ ТЫҢ ТӘСІЛІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ ТЫҢ ТӘСІЛІ

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ ТЫҢ ТӘСІЛІ

          Егер де бүгінде тауарлы балық түрлерін өсіру бойынша елімізде Түркістан облысы көш басында тұрған болса, соңғы жылдары  Жетісай ауданында да тауарлы балық шаруашылығымен айналысуға деген қызығушылық артып келеді.
          «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін атап өтіп, оның ішінде балық шаруашылығына да ерекше мән беруді тапсырған болатын. Нәтижесінде, мемлекет тарапынан балық өсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындарды субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізіп келеді» деген болатын  аудан әкімі Серік Үсенұлы, халықпен өткен кездесулердің бірінде.
           Ауданымыздағы Атамекен ауылдық округі, Атамекен елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Өмірзақ Маханов бұған дейін мал шаруашылығымен, диқаншылықпен айналысып келген болатын. Соңғы уақытта жеке қаржысы есебінен 10 миллион теңгеге жуық инвестиция салып, балықтың дөңмаңдай (толстолоб) мен амур, сазан сынды түрлерінің 500 мың дана шабағын Шардара ауданынан алып келді. Бүгінде аумағы 10 сотоқты, тереңдігі 2 метрді құрайтын жасанды су тоғанында өндіріліп, өсіріліп жатқан балықтардың орташа салмағы 1 келіге жетеді.
         Мемлекеттік бағдарламалар аясында шаруаларымызға жасалып жатқан қолдаулардың тиімділігі мен артықшылықтарын тиімді пайдаланып отырған Өмірзақ Маханов алдағы уақыттарда балық асырау бассейндерінің аумағын 50 сотоққа дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1