ӘдебиетҚұттықтауПоэзия

АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ СӘТЖАН БАУЫРЫМА!

Қаралым: 142
Бауырым, құтты болсын туған күнің,
Арнайын бірер шумақ жырдан бүгін,
Биікке елмен бірге бастай берсін,
Беліңді сол ел үшін  буғандығың.

 

Aқ құсын ақиқаттың алға ұшырдың,
Әр беріп газеттерге, жан бітірдің.
Абыралы, Семей мен бүкіл қазақ,
Ардақтап, айта берсін алғысын мың!

 

Қоғамда сан құбылып тұрса да күн,
Толтырдың өткір сөзбен жыр парағын.
Сананы  сатираңмен сауықтырып,
Жасқанбай тарта білдің сын садағын.
Шағыр Қайырбек Семейғазыұлы ,
ақын, аудармашы, журналист. Ондаған кітаптың авторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *