Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

         2025 жылдың 10 желтоқсанында, Аягөз қаласында Аягөз ауданының Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті.

           Шараға Аягөз ауданы әкімі міндетін атқарушы Нұғымаров Айбек Серікболұлы, аудандық мәслихат депутаттары, соның ішінде «Ауыл» партиясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Хасенов Дәурен Уақасұлы, сондай-ақ бірқатар сала мамандары да қатысты.
        Аталған іс-шараға, «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілі Б.Ерсаина қатысып, партия атынан марапаттар табыстауға атсалысты.
         Салтанатты жиынға ауданның Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік құрылымдарға қарасты бірқатар мекемелердің қызметкерлері жиналды. «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерейтойына орай Ауыл шаруашылығы саласында жауапты қызмет атқарып жүрген мамандарға мерекелік медальдар тапсырылды.
       Шара аясында, «Абай облысы Аягөз ауданы Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің» басшысы
Акылжанов Галымжан Акылжанович аталмыш мерекелік медальмен марапатталып, еңбектеріне алғыс білдірілді.
       Бұл марапаттар – Ауыл шаруашылығы саласында қажырлы еңбек етіп келе жатқан мамандардың кәсіби жауапкершілігін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін бағалаудың айқын көрінісі деуге толық негіз бар.
        Айта кетейік, Аягөз ауданындағы жиында «Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні» жоғары деңгейде аталып өтіліп, салтанатты шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұғымаров Айбек Серікболұлы Ауыл шаруашылығы саласына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға:
– «Шапағат» орденін,
– Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің,
– Ауыл шаруашылығы министрінің,
– Абай облысы әкімінің,
– Абай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының,
– «Ауыл» партиясының марапат-медальдары мен
– «Аягөз ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін, сондай-ақ аудан әкімінің «Алғыс хаттарын» табыс етті.
       Айбек Серікболұлы сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ел экономикасын дамытудағы еңбегіне жоғары баға беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
        Іс-шара мерекелік концертке ұласып, көтеріңкі көңіл-күйде қорытындыланды.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1