2050 жылға қарай барлық әлем елдерінің АЭС-інен өндірілетін электр энергиясы 792 ГВт-қа дейін өседі деген болжам бар. Бұл қазіргі қажеттіліктен 2 есе көп. Ал АЭС – базалық генерацияның экологиялық ең таза түрі.
Атом электр стансасынан экология еш зардап шекпейді. Олар көміртексіз энергияның негізгі құрамдас бөлігі. Сондықтан экология зардап шекпейді. Керісінше, бұл электр орталығы парниктік газдың әсерін азайтуға көмектеседі. Мәселен, қуаттылығы 1 000 МВт болатын атом электр стансасын жыл сайын пайдаланса да, парниктік газдар шығыны 8 миллион тоннаға азайып отырады.
Атом электр стансалары көмір немесе табиғи газ қондырғыларына қарағанда отынды әлдеқайда аз тұтынады, бұл көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі.
Сәбит ӘШІРБАЙҰЛЫ,
Жетісай ауданы.