NewsPRESS RELEASEАнонсыЖаңалықтарРуханият

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Қаралым: 492
        2025 жылдың 12 желтоқсан күні, Ново-Покровка ауылы мектебінің кітапханасында «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен «Кітапқа – екінші өмір сыйла» акциясы өтті.
       Шараға партия өкілі Е.Омарғалиев қатысып, мектеп кітапханасына құнды әдеби жинақтарды табыстады. Атап айтсақ, оның ішінде: қазақ классикалық проза шебері Қ.Жұмәділовтың туындысы, балалар әдебиетінің белгілі өкілі Б.Соқпақбаевтың кітаптары, айтыскер ақын Д.Омарбаеваның шығармалар жинағы, Қайрат Сабырбайдың кітабы, прозашы Қ.Қиықбайдың кітабы, жазушы Р.Отарбаевтың туындысы және басқа да ақын-жазушылардың еңбектері бар. Сонымен қатар, орыс әдебиетінің көрнекті өкілдері А.С.Пушкин, Н.Некрасов, М.Лермонтов және басқа қаламгерлердің кітаптары, мал дәрігерлік оқулығы, орыс әдебиетінің оқулығы мектеп кітапханасының қорына берілді.
       Жалпы акция барысында, 50-ге жуық кітап сыйға тарту етілді.
       Шараға бастауыш сынып оқушылары қатысып, мектеп кітапханашысы Макенова Асемгуль Едигарымовна партия тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
        Іс-шара соңында, қатысушылар естелік суретке түсіп, жылы лебіздерімен тарқасты.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *