Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАН ӘКІМІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » АУДАН ӘКІМІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

           Маусым айының үшінші жексенбісі — Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Аталған күнге байланысты Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов «Мырзакент» емханасына арнайы барып, белсенді еңбегінің арқасында науқастарға шипа беріп жүрген ақ халатты абзал жандарды құттықтады.   
          «Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүкіл әлемді алқымынан алған пандемия басталғалы Сіздердің кәсіптеріңізге деген адамзаттың шексіз құрметі және де арта түсті. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында барша мүмкіндіктер жасалуда. Бүгінгі мереке қарсаңында Сіздердің ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғыс білдіремін!» — деді Бақыт Насырханұлы.
        Жалпы іс-шара барысында бірнеше дәрігер ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың алғыс хаттарымен де марапатталды.
        Жиын соңында сөз сөйлеген «Мырзакент» аудандық ауруханасының бас дәрігері Берік Есімханов арнайы құттықтауға келген аудан басшысына алғысын білдіріп, пандемия басталғалы ауруханаларға аудан әкімдігі тарапынан үлкен қолдаулар болғанын атап өтті.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1