Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АТА ЗАҢЫМ – АЗАТ ЕЛДІҢ АЙБАРЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » АТА ЗАҢЫМ – АЗАТ ЕЛДІҢ АЙБАРЫ

АТА ЗАҢЫМ – АЗАТ ЕЛДІҢ АЙБАРЫ

        Ұлан-ғайыр атырапты алып жатқан дархан даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған бабалар ұрпағына сарқылмастай қазына қалдырды.​ Ұрпағым бейбіт өмір сүрсін деп, тыныштықта құстар қалқып ұшсын деп, көк аспанда желбіретіп көк туын, қазағымның рухы биік болсын деп бабаларымыз арман еткен азаттықтың ақ таңы атты.
 ​ ​ ​ ​ ​ ​  ​ ​ Дүрбелең замандарды бастан өткеріп, қазақ елі де армандаған тәуелсіздігіне қол жеткізді. Алайда ұлан-байтақ жер мен ұшан-теңіз байлықтың үстінде отырған аз ғана халықтың халі – анталаған топ қасқырдың арасында қалып қойған, тұсауын енді ғана кескен жас сәбиге ұқсайтын еді. Сол уақытта еліміздің егемендігін паш еткен айбынды Ата Заңымыз қабылданып, Ұлы дала төсіндегі тәуелсіз Қазақстанның өз көші басталған болатын. Бұл заң басқа заңдардан өзгеше еді. Ол үшін талай адам түнде ұйқысын, күндіз күлкісін қиып, көз майын тауысты. Халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрі мен таным-түсінігін ескере отырып, әлем елдерінің тәжірибелерін де назардан тыс қалдырмай, халқымыздың игілігі мен жарқын келешегін ойлап қабылданған Ата Заңымыз – еліміздің ілгері жылжып, жаһандану заманына жұтылып кетпеуінде маңызды рөл атқарып келеді. Еліміздің тәуелсіздігін сақтап, әлемде өзіндік орнын иеленуі де – осы Ата Заңымыздың жемісі.​
 ​ ​ ​ ​ ​ ​Тоқ етерін айтар болсақ, «Халқымыз – мемлекеттің ең басты байлығы болса, Конституциямыз – халқымыздың ең басты байлығы». Сол үшін Ата Заңымыздың қадірін біліп, еліміздің әр азаматы Ата Заңын жетік білсе, заң талаптарын сақтаса, еліміз тек биіктерден көрінері сөзсіз.
Е.ҚАЗЫБЕКОВ,
Мақтаарал ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1