Жаңалықтар

АТАКЕНТ КЕНТІНДЕ 43 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Қаралым: 53
20 мыңға жуық тұрғыны бар Атакент кентінде кент әкімі Сламхан Азимов тұрғындармен кездесіп, 2020 жылы атқарылған жұмыстардың есебін берді.

         Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің облыстың оңтүстік аудандарын қолдау жобасы аясында Атакент кентінде өткен жылы 43 көшеге асфальт, 9 көшеге тас төселген. Кентте көшелерді жарықтандыру бойынша да ауқымды жұмыстар жасалған. Атап айтқанда, ұзындығы 12 шақырымға жуық 10 көшеге мемлекет есебінен, 7 шақырымнан асатын 5 көшеге тұрғындардың есебінен жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 3,7 шақырымды құрайтын 2 көшеге аяқжолдар салынған.
         Атакент кентіндегі көпқабатты және барак типтес көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшалары құрылған.  Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында кенттегі шығыс коллектордың күн шығыс жағындағы 12 көшенің ауыз су жүйелерін жаңадан құру үшін бюджеттен 300 миллион теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілген.
         2020 жылы кенттегі 5 арнайы тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын алаңшаларға орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атакент кентін көркейту, көгалдандыру бойынша 2850 әртүрлі ағаш көшеттері егілген, 1600 түп талды реттеу жұмыстары  жасалған. Бір жылдың ішінде кенттен 24941 куб тұрмыстық қатты қалдықтар мен күл-қоқыстар шығарылған.
         Атакентті — Мақтаарал ауданының қаржы орталығы деп атауға да болады. Өйткені, салық, қазынашылық басқармалары мен банктердің негізгі филиалдары және аудан кәсіпкерлерінің басым бөлігі осында орналасқан.  Мемлекетіміздің орта және шағын кәсіпкерлерді қолдау саясатының арқасында өткен жылдың өзінде «Алтын ғасыр« мейрамханасы, «Шаңырақ» тұрмыстық техника орталығы, «Рахатай» моншасы, «Өз–өзіне қызмет ету« көлік жуу орталығы, 2 азық-түлік дүкені ашылып,   50-ге жуық азамат жұмыспен қамтылған.
 Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *