Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АСТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » АСТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

АСТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

         Жаз мезгілінде кездесетін жұқпалы аурудың түрлері көп. Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындарында, оның ішінде көше бойларында орналасқан кафе, асхана, дүңгіршіктерден тамақ сатып алу — өте қауіпті. Міне, осы қауіптің алдын алу мақсатында аудандық кәсіпкерлік бөлімі және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен Мырзакент кентінің кәсіпкерлеріне арнайы семинар-кеңес өтті.
         Іс-шараға ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Абдуғали Кемелов, Мырзакент кентінің әкімі Мамыр Бейсенбаев және аудандық СЭББ-ның бөлім басшылары мен мамандары қатысып, кәсіпкерлерге тамақтан улану және оның алдын алу жөнінде кеңінен ақпараттар берді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандарды «Ашық» жобасына енгізу және оның қызмет көрсету орындарындағы маңыздылығы туралы, коронавирус жұқпалы ауруының алдын алу үшін кәсіпкерлік нысандардың қызметкерлеріне вакцина ектіру мәселесі семинар-кеңес барысында айтылды.
        «Азық-түлікті сатып алған кезде өнімдердің орамасына, жемістер мен көкөністердің солғындығына, жұмыртқалардың сынғанына,  азық-түліктердің жарамдылық мерзіміне өте мұқият назар аудару керек. Әсіресе, жазда азық-түлік өнімдерінің ластану қауіпі жоғары болғандықтан,  оны сатып алғанда барынша сапасына мән беріп, қай жерде, қандай жағдайда сақталғанына мұқият көңіл бөлу керектігін ескертеміз. Азық-түлікті қайдан сатып алсаңыз да — сатушы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті» — деді А.Кемелов.
        Астан уланудың алдын алу, кәсіпкерлік нысандарға «Ашық» жобасын енгізу және вакцинация мәселелері бойынша кәсіпкерлерге арналған семинар-кеңестер мен жиындар жалғасын табатын болады. 
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1