АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 59
Алматының экологиялық мәселесі жыл өткен сайын ушығып келеді. Қала тұрғындары үшін ең өзекті проблемалардың бірі – қалың смог пен ластанған ауа. Басқа қалалармен салыстырғанда Алматыда алергиямен тағы да осы ауаның сапасыздығынан жапа шегетін науқастар көп. Қала берді биік ғимараттардың да көптеп салынуы себепті қаланың тығыздығы ауа айналымының мүлдем жоқтығын көрсетеді.
Осы мәселені жүйелі түрде шешу мақсатында «Байтақ» жасылдар партиясы ірі экологиялық жобасын ұсынды. Партияның Алматы қалалық филиалының төрайымы Алма Караштың мәлімдеуінше, қала ауа сапасын айтарлықтай жақсарту үшін $150 миллион көлеміндегі жобаны іске асыруы мүмкін.
1,5 мың тазарту мұнарасы – инвесторде дайын дейді жасылдар.
Партия Алматыға шамамен құны $100 мың болатын 1,5 мың ауа тазартқыш мұнара орнатуды ұсынып отыр. Партия басшылығының айтуынша, инвесторлар бұл жобаны бір жыл ішінде толық қаржыландыруға дайын.
«Ағаш отырғызып Алматының ауасын тазарта алмадық сондықтан жаңа технологиялардың күшін пайдалану керек екендігін түсініп, ауаны сорып, қайтадан филтрден өткізіп жіберетін технологияны Алматыға әкеліп жатырмыз», — деді Байтақ жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай.
Оның айтуынша, мұндай технология бұған дейін Қытайдың Бейжің қаласында қолданысқа енгізіліп, смогпен күресте тиімділігін дәлелдеген.
Егер бұл жоба іске асса Алматыдағы смог деңгейін бір жылдың ішінде 70 пайызға дейін төмендетуге болады дейді мамандар.
«Байтақ» партиясының ұсынысы – Алматының ауасын тазартуға арналған ең ірі бастамалардың бірі. Егер жоба жүзеге асса, қала экологиясын айтарлықтай жақсартып, миллиондаған тұрғынның денсаулығына оң әсер етуі мүмкін. Экологтар да, тұрғындар да бұл бастаманың іске асуын зор үмітпен күтіп отыр.
Ал ауаның сапасы бойынша жаңа ережелер күтілуде, ол қалай жұмыс жасайды арнайы қордың есебінен бе әлде тұрғын үй-коммуналдық қызметтері үшін төлеммен бе ол енді болашақтың еншісінде.