Қазіргі таңда алаяқтық қылмысы түрлі салада белең алып, азаматтарды белгілі бір әрекеттер жасау мақсатында алдап, материалдық зиян келтіру осы заманның індеті ретінде қалыптасуда.
Статистикаға сүйенсек облыс аумағында алаяқтық ұрлықтан кейінгі көптеп орын алатын қылмыстардың бірі ретінде кеңінен тарағаны баршамызға мәлім.
Заманына сай, алаяқтық қылмысы да едәуір сырт пішінін өзгертті, оның жаңа белгілері пайда болды. Бұл алаяқтықтың дәстүрлі түрлері әлі де ұзақ уақыт бола беруі мүмкін.
Бүгінгі күні Республика аумағында, соның ішінде ауданымызда қаржылық пирамидалар белең алуда. Аталған заңсыз компаниялар халықты салған қаражаттарын екі немесе одан да көп есе қайтару мүмкіншілігі бар екендігіне сендіріп, азаматтардың ақшаларын оларға салым ретінде салдырып отыр. Алайда, мұндай оңай олжаға кенелемін деп ойлаған халық осы компанияларға ақша салып, кейіннен опық жеп, ақшаларынан айрылып отыр.
Осыған байланысты аудан азаматтарын осындай фирмаларға алданбауға шақырамыз.
Қанат ӘБДІРАХМАНОВ,
Аязхан Қалыбеков ауылдық округі әкімінің орынбасары.