Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

         Биыл – ұлы ойшыл, дана ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Абай мұрасын насихаттау – ұрпақтың рухани әлемін байытып, ұлттық болмысты сақтаудың кепілі».
       Осы мерейлі жыл аясында Абай елі – Қарауыл ауылында өткен «Жеті қазына» ұлттық мәдениет, спорт және туризм фестивалінде республикалық «Сұлу әйел – 2025» байқауының Бас жүлдесін Жетісайдың тумасы, бүгінде Шымкент қаласында тұратын Ақмарал Асанқызы Құдайбергенова жеңіп алып, Қазақтың «Жеті қазынасына» енді.

        Ақмарал – Жетісайдағы Абай атындағы мектептің үздік түлегі. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ Абай оқуларына қатысып, аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы атанды. 2000 жылы Семей қаласында өткен тұңғыш республикалық «Абай–Шәкәрім 2000» көркемсөз оқу байқауында жүлделі ІІ орынды иеленіп, туған жерінің абыройын асқақтатты. Мектеп кезінде Абайдың 100 өлеңін жаттап, ақын мұрасын насихаттауда ерекше көзге түсті.
        Ол – текті әулеттің перзенті. Атасы Құдайберген Таңатов – елге еңбегі сіңген, аты Жетісайдағы үлкен көшеге берілген ардақты азамат. Ақмарал – ел билеген болыстың тікелей шөбересі. Әулетінің ел ішіндегі абыройы мен өнегесі – оның бойындағы ізгілік пен парасаттың негізі.
       Бүгінде Ақмарал –
• Екі кітаптың авторы;
• Қазақстан Педагогикалық академиясының профессоры;
• «Қазақстанның үздік кітапханашысы»;
• «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы;
• Жеті баланың ардақты анасы, ұлттық құндылықтардың жанашыры.
        Жетісай ауданы әкімдігі Ақмарал Асанқызын Абайдың 180 жылдық мерейтойында қол жеткізген бұл зор жеңісімен шын жүректен құттықтайды!
        Тектілік пен тағылымды, білім мен биязылықты қатар ұстанған жерлесіміздің мерейі әрдайым үстем болып, ел абыройын асқақтата берсін!
Ізгі тілекпен,
Жетісай ауданы әкімдігі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1