NewsPRESS RELEASEБілім саласыЖаңалықтарЖас буын

Өнерлі балалар арасында ән байқауы өтті

Қаралым: 44
        Бүгін Жетісай аудандық мәдениет үйінің балалармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Балдәурен — 2025» өнерлі балалар арасында ән байқауы өтті.
         Өнер атты өлкенің есігін енді ашқан кішкентай бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, байқау шымылдығын Жетісай аудандық мәдениет үйінің басшы орынбасары — Әйтешов Әзберген Ноғайбайұлы ашып берді. Байқауға, Жетісай ауданындағы қала, кент, ауылдық округтер бойынша әр бөбекжай — балабақшадан жалпы 16 үміткер қатысты. Үміткерлер байқау ережесіне сай Отан, Қазақстан, Туған жер, Ауылым, Ұлы Жеңіс және тағы сол сияқты патриоттық тақырыптағы әндерді шырқап, өз өнерлерін ортаға салды.
          Бүлдіршіндердің өнерін бағалаған қазылар алқасының төрайымы Жетісай аудандық мәдениет үйінің хормейстрі әрі әнші-Ермекбаева Сәнім Дүйсенбайқызы және қазылар алқасының мүшелері Жетісай аудандық мәдениет үйінің балалармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі — Айтбаева Эльмира Кеңесбайқызы мен Жетісай аудандық мәдениет үйінің қоюшы – режиссері Мамадияр Шерхан Исматіллаұлы, байқау қорытындысы бойынша үміткерлерге төмендегідей баға берді.
      Бас жүлде «Қуаныш» бөбекжай – балабақшасының тәрбиеленушісі – Базарбай Аянат;
І орын «Нұр Асықата» бөбекжай – балабақшасының тәрбиеленушісі– Оңалбек Альбина және «Бейбарыс» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі– Мұратхан Айым;
ІІ орын «Аяулым» бөбекжай – балабақшасының тәрбиеленушісі– Есіркеп Альбина, «Наурыз» бөбекжай – балабақшасының тәрбиеленушісі– Қайрат Айсұлу және «Балкерім» бөбекжай – балабақшасының тәрбиеленушісі– Нышан Айзере;
ІІІ орын «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасының тәрбиеленушісі – Орынбасар Адина , «Бүлдіршін» бөбекжай – балабақшасының тәрбиеленушісі– Түзелбай Назым, «Дана» бөбекжай – балабақшасының тәрбиеленушісі– Ешенкул Нуриман және «Балдәурен» бөбекжай – балабақшасының тәрбиеленушісі- Қазақбай Әбілмансұр иеленді.
         Сондай-ақ, байқау соңында Жетісай аудандық мәдениет үйінің басшысы Перизат Тажибаева, ән өнеріне қадам басқан барлық бүлдіршіндердің өнеріне өз ризашылығын білдіре отырып,арнайы диплом және бағалы сыйлықтар табыс етті.
Жетісай аудандық мәдениет және спорт бөлімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *