ӨЗБЕКСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ КУБОГІНДЕ ЖЕҢЕТІНДЕРІНЕ СЕНІМДІ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 18
29 қазанда Түркістан қаласында «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогыөтеді.
Азия Кубогіне Түркі мемлекеттері ұйымы өкілдерінің қатысуы кездейсоқ емес. Себебі қазақ күресі Қазақстанның ғана емес, тарихы тереңде жатқан түркі халықтарына ортақ дәстүр мен мәдениет нышаны болып отыр. Өзбек елінде де ертеден келе жатқан ұлттық күресі бар. Қазақ күресі мен өзбекше «кураш» ережелері бір-бірінен аздап ерекшеленгенімен, тарихы жағынан өте жақын.
«Қазақтар мен өзбектер мыңдаған жылдан бері күреспен айналысып келеді. Ертеректе Орта Азияда шекара болмағанда той-томалақта, үлкен жиындарда бір-бірінің жеріне келіп күрескен. Бұл туралытарихижазбалардажазылған. Халықтықкәсібикүресболған.Өзбекстандаұлттықкүреспентоқсаныншыжылданберіайналысабастады. Ережесібірнешеретөзгерді. Қазір әр өзбек күресті біледі», – деді Өзбекстан күрес федерациясының Бас хатшысы Носир Азизов.
Носир Азизов 1992 жылы Алматыда өткен турнирге алғаш рет өзбек балуандарын апарған. Содан бері Өзбекстан командасы Қазақстанда қазақ күресінен өтетін жарыстарға белсенді түрде қатысып келеді. 2018 жылы ресми түрде Өзбекстан күрес федерациясы құрылды. Елде 12 облыс пен Ташкентте және Қарақалпақстан автономиялық республикасында қазақ күресін дамыту мақсатында база құрылған.
«Өзбекстандақазақкүресіменайналысатындарөтекөп. Кейінгі он жылдаҚазақстанқазақкүресінәлемгежақсыдәріптепжатыр. Әлеуметтікжелініашсаңқазақкүресіжайлыайтыпжатады. Насихатжұмыстарыжақсыжүргізіліпжатыр. Солсебептіәрөзбекқанаемес, шетелдіктер де қазақтыңұлттықкүресіжайлыжақсыбіледідеугеболады», – деді Носир Азизов.
Өзбекстан командасы соңғы бес жылда қазақ күресінен ұйымдастырылатын турнирлерге, Азия және әлем чемпионаттарына толық құрамда қатысып келеді. «Turan Barysy» Азия Кубогінде өзбек балуандары барлық 7 салмақ бойынша сынға түседі.
Көрші елдің балуандары мықты қарсыластардың бірі саналады. 2019 жылы қазақ күресінен өткен Әлем Чемпионатында Өзбекстан ұлттық құрамасы командалық есепте үшінші орынға ие болды.
«TuranBarysy» турниріндефиналғадейінжетіп, ақтықбелдесудеміндеттітүрдеқазақтарменкездесеміздепойлаймын. ЕкіретҚазақстанкомандасынанжеңілдік. Соңғы бес жылдағыжарыснәтижелерінқарасақ, қазақбалуандарыөтемықтыдеугеболады», – Өзбекстан күрес федерациясының Бас хатшысы
Азия Кубогінде Өзбекстан құрамасы 90 келіге дейінгі және жоғары салмақта өнер көрсететін Эркин Казаков пен Мухсин Хисомиддиновтен бекер үміт күтіп отырған жоқ. Мухсин Хисомиддинов – қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы және осы доданың үш дүркін жүлдегері. Өзбекстан чемпионы Эркин Казаков жақында ғана Көшпенділер ойындарының жүлдегері атанды.
«Qazaq Kuresi қауымдастығына үнемі бізді қолдайтыны үшін рахмет айтамын. Жыл сайын ауқымды жарыстар өткізіп, оған өзбек балуандарын шақыруды ұмытқан емессіздер. Өзбекстандақазақкүресі тез қарқынмен дамып жатыр. Достығымыз жалғасып, нығая береді деп үміттенемін. Жыл сайын қазақ күресінен Өзбекстан біріншілігін өткізіп қана қоймай, Қазақстанда өтетін барлық жарыстарды қалдырмауға тырысамыз», – деп өзбекстандық төреші Музаффар Абдурахимов қазақстандық ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Айтулы іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің, сондай-ақ, «Qazaq kuresi» қауымдастығы, «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының ұйымдастыруымен өтеді. Турнирдің бас серіктестері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры».
Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының келесі өкілдері қатысады: Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан. Жанкүйерлер турнирді Qazsport және TRT Avaz телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады.