Ағымдағы жылдың 23 тамызы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күндердің бірі. Бұл күні өтетін сайлау – әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, елдің ертеңіне деген көзқарасын білдіретін маңызды саяси науқан.
Сайлауға қатысу – тек құқық қана емес, әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі. Әрбір берілген дауыс қоғамның дамуына, әділетті әрі ашық басқару жүйесінің қалыптасуына өз үлесін қосады. Сондықтан сайлауға бейжай қарамай, азаматтық белсенділік таныту – ортақ міндетіміз.
Еліміздің тұрақты дамуы, өңірлердің өркендеуі және халықтың әл-ауқаты көп жағдайда азаматтардың белсенділігіне байланысты. Өз таңдауын жасаған әрбір сайлаушы елдің болашағына деген сенімін білдіреді. Демократиялық қоғамның басты қағидаларының бірі – халықтың еркін таңдау жасауына мүмкіндік беру. Сол мүмкіндікті тиімді пайдалану – әрқайсымыздың қолымызда.
Қазіргі таңда мемлекетімізде сайлау үдерісінің заң талаптарына сай ашық әрі әділ өтуіне барлық жағдай жасалуда. Сайлаушылар өздерінің конституциялық құқықтарын еркін жүзеге асырып, дауыс беру арқылы қоғамдағы маңызды шешімдерге ықпал ете алады.
23 тамыз күні әрбір азамат өз сайлау учаскесіне барып, азаматтық ұстанымын танытқаны жөн. Өйткені әр дауыс – маңызды, әр таңдау – болашаққа салынған берік негіз.
Күнтуған Нұрлыхан Тағабайұлы,
Мақтаарал ауданы.