Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ӘСКЕРИ ГОСПИТАЛЬ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ӘСКЕРИ ГОСПИТАЛЬ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ӘСКЕРИ ГОСПИТАЛЬ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

          Семей қаласының әскери госпиталі «Ашық есік» күнін ұйымдастырды. Шараға Семей медицина университетінің студенттері қатысты.  Жоғары білім алушылар алдымен мекемедегі заманауи медициналық техникамен танысса, әрімен қарай госпиталде ем қабылдаушылармен тілдесіп, хал-жағдайларын сұрасты. Мекеме қызметкерлері болашақ дәрігерлермен пікір алмасып, жинаған тәжірибелерімен бөлісті.
        — Біз бүгін Семей қаласындағы әскери госпиталдің табалдырығын аттап тұрмыз. Алғашқы сәттен бастап алған  әсеріміз өте ерекше. Жаңа үлгідегі медициналық құрылғылармен қамтылған госпиталде медициналық көмек көрсетудің ауқымын кең екенін оңай  аңғаруға болады. Еліміздің қорғанына айналған азаматтардың денсаулығын қадағалайтын мекеме әскери сала әлеуетінің ғана емес, Қазақстан  медицинасының өркен жаюына өз үлесін қосады деп ойлаймын, — дейді Семей медицина университетінің студенті   Гүлнәр Сағындықова.
       Семей қаласының әскери госпиталінде  85 керует-орын бар. Қабырғасы 1970 жылы қаланған медициналық нысан алғашында 100 науқасты қабылдайтын мүмкіндікке ие болған. Денсаулық сақтау нысанында біліктілігі жоғары арнайы мамандар қызмет етеді
         — Госпиталде елу керуетке арналған терапия бөлімшесі  мен отызкеруеттік хирургия бөлімшесі, сондай-ақ анестезиология және реанимация бөлімшесі бес керуетті қамтиды.  Тәжірибелік дағдыларды дамыту мақсатында  барысында жыл сайын госпиталге елу адам келеді, — дейді әскери госпиталь бастығының медицина бөлімі жөіндегі орынбасары медицина қызметінің майоры  Анвар  Разиев.
         Жүзге жуық медициналық қызметші қызмет атқаратын госпиталдің тыныс-тіршілігі студенттер қауымын баурап алғандай. Алдағы уақытта  әскери ақ халатты атану – кейбір келушінің түбегейлі мақсатына айналды.  Дәл осындай «Ашық есік» күні тағы бір мәрте жүзеге асып жатса, бұндай іс-шараға асыға қатысуға дайынбыз деп тарқасты олар.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1