Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРЕДІ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРЕДІ

         Қазақстандықтар енді әлеумет және еңбек саласындағы мәселелер бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады. Бұрын бұл үшін 1411 қысқан өміріне қоңырау шалу қажет еді.
Клиенттер зейнетақы мен жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу, әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңестерді 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып ала алады, қоңырау шалған соң, қосымша 5 нөмірін теру қажет.
        «1414 техникалық платформасына көшу қабылданбай қалатын қоңыраулардың үлесін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз мұнымен 1411 желісін қамтамасыз етуге жұмсалған шығындарды оңтайландырамыз. Қазір біз дыбыстық қоңырауларды ғана емес, мәтіндік хабарламаларды да қабылдауға болатын омниканалды жүйені қолданамыз. Қазақстандықтар @kenes1414bot телеграм ботында «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша операторға хабарлама жіберіп, сол жерден жауап ала алады. 1411 нөмірі енді қолжетімді емес», –деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.
           Клиенттер әлеуметтік-еңбек саласына қатысты сұрақтарын дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін және сенбі (жексенбі – демалыс) күнісағат 9.00-ден 13.00-ге дейін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жолдай алады, қоңырау шалу – тегін.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1