PRESS RELEASEБілім саласыҚоғам

ӘКЕ ТӘРБИЕСІ – АДАЛ АЗАМАТ БЕЙНЕСІ

Қаралым: 39
        Біздің  №10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әке тәрбиесі – адал азамат бейнесі» тақырыбында әкелердің қатысуымен тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – әкенің бала тәрбиесіндегі ерекше рөлін айқындап, отбасыдағы жауапкершілік пен өнегенің маңызын насихаттау болды.
      Осы іс-шара барысында әкелерге түрлі жағдаяттық тапсырмалар ұсынылып, олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіне қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Әрбір жағдаят арқылы әкенің бала өміріндегі орны, отбасыдағы тәрбие мен өнегенің маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушы әкелер өз ойларын ашық айтып, белсенділік танытты.
       Сондай-ақ, шара барысында әке мен бала арасындағы сыйластық, сенім және жауапкершілік туралы тағылымды әңгімелер айтылып, ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбиенің маңызы ерекше атап өтілді. Әкелер ұсынылған тапсырмаларға қызығушылықпен қатысып, өз көзқарастарын білдірді.
       Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі әсерлі өтті. Мұндай кездесулер әкелердің бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттырып, отбасыдағы береке мен бірлікті нығайтуға зор ықпал ететіні сөзсіз.
       Әке тәрбиесі – ұрпақ болашағының берік негізі. Сондықтан бала тәрбиесінде әкенің өнегесі мен парасатты сөзі әрдайым маңызды орын алады.
А.МАРХАБАЕВА, 
№10 «Қайнар» мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі,
А.ЕШАНҚҰЛОВА,
№10 «Қайнар» мектеп-гимназиясы» КММ  қосымша білім беру педагогы.
Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *