Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«ҰЛЫЛАРҒА ТАҒЗЫМ» КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » «ҰЛЫЛАРҒА ТАҒЗЫМ» КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ

«ҰЛЫЛАРҒА ТАҒЗЫМ» КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ

        Құрметті өнерсүйер қауым! Сіздерді Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастыруымен өтетін «Ұлыларға тағзым» атты классикалық музыкалық кешке шақырамыз.  
         Өтетін күні мен уақыты: 20 қазан, 19:00. Өтетін жері: «QAZAQSTAN» ОКЗ (Мәңгілік ел, 10/1)
         Лирикалық мазмұнда жазылған вокалдық шығармалар мен драмалық монолог рухани мәдениеттің бір бөлігі болып саналады. Ал дарынды авторлар қаламынан туындаған классика жанрындағы сазды әуендер көрермен қауымның талғамына сай келері сөзссіз.
          Концерттік бағдарламада отандық композиторлардың ән-романстары мен операларынан ариялар орындалады. Аталмыш кеште классикалық үздік туындылардың либреттосын жазған М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтың, талантты композиторлар Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиевтің және қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі К.Байсейітова мен жезтаңдай әнші Р.Бағланова сынды ұлы тұлғалардың репертуарларынан музыкалық шығармалар көрермендер назарына ұсынылады. Сондай-ақ, музыкалық жиында мерекелік кеш иелерінің ұрпақтары мен үзеңгілес әріптестері қатысады.
         Классикалық музыкалық кешке ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Медет Шотабаев, Бибігүл Жанұзақ, Салтанат Ахметова мен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәлік, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Әйгерім Алтынбек пен Мәдениет саласының үздігі Дина Мирманова қатысады.
          Таңғажайып әсерге бөлейтін классикалық музыка кешінен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!
Н.ЕСЕНГЕЛДІ,
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт»
мемлекеттік концерттік ұйымының
баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1