Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
"ҰЛЫ ДАЛА" БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ЖИ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ҰЛЫ ДАЛА» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ЖИ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР

«ҰЛЫ ДАЛА» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ЖИ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР

         2026 жылдың 27 наурыз күні Абай облысы, Семей қаласындағы «Ұлы Дала – ИКА» балабақшасында заманауи білім беру үдерісіне арналған маңызды семинар өтті.  Аталған іс-шара балабақша қызметкерлеріне бағытталып, «Жасанды интеллект бағдарламаларымен жұмыс істеудің алғышарт дағдылары» тақырыбын қамтыды.
        Семинарды «Құнанбай қажы атындағы Алаш аудармашылар одағының» атқарушы директоры, курс авторы әрі дәріскер Әбіл-Серік Әбілқасымұлы Әліәкбар жүргізді. Ол өз дәрісінде қазіргі цифрлық дәуірдегі жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен таныстырып, педагогтарға практикалық бағыттағы құнды мәліметтер ұсынды.
        Іс-шараның ашылуында «Ұлы Дала – ИКА» ЖШС балабақшасының директоры, «Ауыл» партиясы жанынан құрылған «Бастауыш партия ұйымының» жетекшісі Тұтқышева Айгүл Тілеутайқызы сөз сөйлеп, семинардың маңыздылығына тоқталып, ұйымдастырушыларға сәттілік, ал қатысушыларға нәтижелі жұмыс тіледі.
        Семинар барысында «Веб-контенттік жүйелердің негізгі қызметі», «Веб-аударма құралдары», «Жасанды интеллект бағдарламаларының негіздері» сияқты өзекті тақырыптар қамтылды.
         Қатысушыларға теориялық ақпаратпен қатар тәжірибелік жұмыстар ұсынылып, өзара пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Әсіресе, мәтіндік қызметпен жұмыс істеудің алғашқы қадамдарына ерекше көңіл бөлініп, авторлық шолу жасалды. Семинарға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.
        Іс-шарада мұндай семинарлардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін маңызы зор екені атап өтіліп, алдағы уақытта да осы бағыттағы оқыту курстарының офлайн және онлайн форматта жалғасатыны айтылды.
        Семинар соңында қоғамдық қор басшысы Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы қатысушыларға алғыс білдіріп, шараның тиісінше өз деңгейде өткенін атап өтті. Семинар жиынтық фотосуретке түсумен қорытындыланды.
Асқар Бектұрған,
«Құнанбай қажы атындағы Алаш аудармашылар одағы» ҚҚ мүшесі, журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1