Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫНА АЙНАЛҒАН РОМАН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әдебиет » ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫНА АЙНАЛҒАН РОМАН

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫНА АЙНАЛҒАН РОМАН

      Жақында біздің кітапханамыздың ұжымы – ауылымыздағы №36 жалпы орта мектептің 6-7 сыныбының оқушылары үшін қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы, есімі әлемге жақсы танымал жазушымыз Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясына қатысты  оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.
     Бұл іс-шара барысында мектеп оқушыларының назарына алдымен ұсынылған «Бала Абайдан, дана Абайға дейін» тақырыптағы ұлы ақын өмірінің тарихи тізбесіне арналған бейнесюжеттер,  Абай әлеміне шарлатып, ұлылықтың сырына қанықтырып, даралықтың қандай болатынын ұғындыратын «Абай жолы» роман-эпопеясының томдары мен сол туындыға қатысты газет-журналдарда жарияланған материалдардан құралған шағын көрме көрсетілді. Сондай-ақ, оқушыларға биыл елімізде 125 жылдығы кең көлемде тойланып жатқан Мұхтар Әуезовтың – «Абай жолын» жазарда қолданған өзіндік әдісі, оның сол заманның болмысын, ұлттық салт-дәстүрлерді, бала Абайдың зерек болып өсуіне ерекше үлесін қосқан әжесі Зере, анасы Ұлжанның образдарын, ұлы ақынның өмірлік және сүйген жарлары Ділдә, Әйгерім, Тоғжан бейнелерін жан-жақты ашып берудегі шебер амал-тәсілдері түсіндірілді.
     Осы конференциямызға қатысқан 6-7 сыныптың 24 оқушысы, рухани маңызы ерекше іс-шараға барынша қызығушылықтарын білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жатты және сонымен қатар өздерінің осы роман-эпопеяданың кейіпкерлеріне қатысты пікірлерінде білдірді. Біз де өз кезегімізде конференция барысында белсенділігімен көзге түскен оқырмандарымызға ризашылығымызды білдірдік.
У.ЕРНАЗАРОВА,
Атакент кенті-2, филиал  №10-шы кітапханасының кітапханашысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1