NewsPRESS RELEASEҚоғамҚұттықтау

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

Қаралым: 133
     
        2023 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің шешімімен еліміздегі алғашқы қазақ басылымы – «Қазақ» газетінің тұңғыш саны жарық көрген күн Ұлттық баспасөз күні болып бекітілді.
      Бүгінде бұл мереке ақпарат саласында еңбек етіп жүрген журналистер  мен  қаламгерлердің кәсіби күні ретінде ресми түрде аталып өтуде.
      Ұлт зиялылары – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған алаш ардақтылары негізін қалаған «Қазақ» газеті халықтың рухани жаңғыруына үлкен серпін берген тарихи басылым болды. Ол ұлттық ой-сананың қалыптасуына ықпал етіп, қоғамның дамуына қызмет етті.
      Осы айтулы мерекеге орай, баспасөз саласында еңбек етіп жүрген барша әріптестерімізді Ұлттық баспасөз күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
     Қазақ баспасөзі әрдайым биік белестерден көрініп, ел руханиятының өркендеуіне өз үлесін қоса берсін!
Мейрамгүл  АТАЕВА,
«Абай облысы, Бородулиха ауданы мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту
орталығының» директоры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *