Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен жергілікті мәслихаттардың депуттаттығына үміткерлер – аудан орталығы Мырзакент кентіндегі «Мақтаарал» мәдениет үйінде мәдениет саласының қызметкерлері мен кітапханашылардың басын қосып, жиын өткізді. Сайлаушылармен осы жүздесу барысында, оларға бүгінде партия тарапынан жасалып жатқан көптеген игі жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар, кездесу шарасында ауылдарды газдандыру, ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар салу және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, оған үміткерлер барынша шынайы жауап беріп, жұртшылықты алдағы жылдың 10-шы қаңтарында өтетін сайлауда бас партияны қолдауға шақырды.«Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы атынан Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткердің бірі – Нұргүл Абдразақова да «Есіктен есікке» акциясы аясында, партияластарымен бірге Атакент кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.«Атакент кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркін Жантөреевтің үйінде өткен кездесу барысында партиямыздың сайлауалды бағдарламасының басымдықтары, атқарылған жұмыстардың барысы мен іске асырылатын жобалар туралы сайлаушыларымызға түсіндіру жұмыстарын жасадық. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, оларды еліміздің бас партиясын қолдауға шақырдық. Сөз кезегі келгенде мен өз салам бойынша – мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласын қолдауға қатысты жасалып отырған шараларға кеңінен тоқталдым»-деп, депутаттыққа үміткер Н.Пердебайқызы өзі атқарып жүрген жұмыстардың барысымен көпшілікті таныстырды.