Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері тұрақты бақылауда. Осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұловтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
        Аталмыш жиынға комиссия мүшелерімен қатар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша Мақтаарал аудандық бөлімінің қызметкері, құқық қорғау органдарының өкілдері, аумақтық мекемелердің басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ дербес бөлімдердің жетекшілері қатысты.
       Комиссия отырысында қоғамдық тәртіпті нығайтуға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламаның орындалу барысы қаралып, пәтер, автокөлік, мал, қалта және ұялы телефон ұрлықтарының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Сонымен қатар, халық арасында алкогольді шамадан тыс тұтынудың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды жандандыру мәселелері де кеңінен сөз болды.
       Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Есімжан Надиров құқық бұзушылықтың ахуалы мен қабылданып жатқан алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ «Атакент» аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әлімжан Нурашев пен «Мырзакент» аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бауыржан Мурзалиев алкогольге тәуелділіктің алдын алу және тұрғындардың денсаулығын нығайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.   Өз кезегінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрғали Елшібаев тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік қолдау шаралары және отбасы институтын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді баяндады.
        Отырыс барысында комиссия мүшелері көтерілген мәселелер төңірегінде пікір алмасып, құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді тетіктері, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және профилактикалық жұмыстардың сапасын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
       Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов құқық бұзушылықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік мекемелер мен қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Ол жауапты мекемелерге ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтып, ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламаның сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыруды тапсырды. Сонымен бірге халық арасында алкогольді шамадан тыс тұтынудың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
        Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде шешім қабылданды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1