Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚЫРАН ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАНЫМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚЫРАН ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАНЫМ

ҚЫРАН ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАНЫМ

           Менің елім – Қазақстан. Және де мен бұл сөзді үлкен мақтанышпен айта аламын. Себебі,біздің еліміз-кең байтақ, бейбіт, әсем, сұлу, қонақжай. Киелі жерімізден қаншама ұлы ақындар,білімді жазушылар, айтыскерлер, батыл, ержүрек батырлар, елін қорғаған хандар, небір тарихи тұлғалар.
           Менің елім – ол саналы, білімді,батыл,иманды ұрпақ өсіруші ғажап ел. Бізге батылдық, шыншылдық ата-бабамыздан дарыған. Мен осындай ұлы тұлғалардың ұрпағы болғанымды әрдайым мақтан тұтамын.
          1465 жылы Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрды. Ал сол даланың әр бір ұлтарақтай жері бізге алтынмен тең. Еліміздің басынан не келіп,не өтпеді. Халқымыз барлық қиындыққа дес бермеді. Патша үкіметінің қол астында болған кезде де мойымады. Сол уақыттарда біз қаншама ұлы тұлғаларымыздан айрылдық. Олар қазақ жастарының білім алғанын, бейбіт, тәуелсіз ел болғанын, далада еркін самғаған қыран құстай тәуелсіздікті аңсады.  Мағжан Жұмабаев атамыз:
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Мен жастарға сенемін» — деп бізден үлкен үміт күткен еді. Ол үмітін қазір қаншама жастар ақтап, елімізді әлемге танытып жүр. Еліміздің, жастарының болашағы үшін қаншама тұлғалар құрбан болды. Ендеше неге сол тұлғалардың үмітін ақтамасқа?
          Егемен елімнің үкілі үмітін ақтар, арқа сүйер азаматшасы болып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне бар күш-жігерімді салып, айанбай тер төгуді өзімнің өмірлік ұстанымым етемін.
 Ел сүйсе ірге  тепкен Жерін сүйеді,
Елі үшін еңіреген Ерін сүйеді.
Ел сүйген  Жер мен Ерді мен де сүйем,
Ерекше секілденер маған киең
Басқа менің табынар Тәңірім жоқ
Ел мен Жер жаратушы сенсің ием!
Баян ШӘЗІНДӘ,
№ 39 «Асықата» жалпы білім беретін мектеп
 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
5 «в» сынып оқушысы
Жетекшісі;
Малика БЕКПОЛАТ,
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1