КәсіпкерлікӨзекті мәселеСаясатЭкономика

ҚУАТТЫ ЕЛДЕРДІҢ БІРІНЕ АЙНАЛАЙЫҚ

Қаралым: 17
         Бүгінде АЭС-тер қауіпсіз әрі таза энергия көзі әрі ел қуатың айындайтын белгінің бірі болып саналады. Осы себепті  де ел неғұрлым қуатты болса, сол мемлекетте АЭС-тер көп салынған.
        Қазіргі таңда әлемнің 31 елінде 416 реактор жұмыс істейді.  Бүгінде атом энергиясы әлемдегі электр энергиясының шамамен 10 пайызын қамтамасыз етеді. Атом энергетикасын өндіруде экономикасы қарқынды дамыған  мемлекеттер – АҚШ (94 реактор), Франция (56 реактор), Қытай (56 реактор), Ресей (36 реактор), Үндістан (20 реактор), Оңтүстік Корея (26 реактор), Жапония (12 реактор) бар.
         АЭС бір мемлекет үшін энергетикалық қауіпсіздік болса, екінші ел үшін экологияны жақсарту жолы, ал үшінші бір мемлекет оны экономикалық мақсатта қолданады.
         Әрине, Қазақстан ядролық қауіпсіздіктің барлық стандарттары мен нормаларын сақтап, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік сияқты халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жасайды, сондықтан алаңдауға еш орын жоқ деуге болады.
Шерехан ҚАРАБАЛАЕВ,
Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *