Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚОҒАМНЫҢ ЖОБАЛАРЫ ШЕТЕЛДЕ ҰСЫНЫЛАТЫН БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ҚОҒАМНЫҢ ЖОБАЛАРЫ ШЕТЕЛДЕ ҰСЫНЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ҚОҒАМНЫҢ ЖОБАЛАРЫ ШЕТЕЛДЕ ҰСЫНЫЛАТЫН БОЛАДЫ

         «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «KazAID» халықаралық даму агенттігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың арқасында Қоғамның жобалары шетелде ұсынылатын болады.
         Қол қою рәсімі ҚР ЦДИАӨМ жанындағы цифрлық үкімет кеңсесінің алаңында өтті. Келісімге «ҰАТ» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин мен «KazAID» Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов қол қойды.
        Аталмыш ынтымақтастық цифрландыру саласындағы өзара серіктестікті, атап айтқанда халықаралық нарықтарда Қоғам жобаларын насихаттауды және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында тәжірибе алмасуды көздейді.
        Бүгінгі таңда Қазақстан өзін онлайн қызмет көрсету бойынша дамыған елдердің бірі деп атай алады, бұл 2022 жылғы рейтингтің жарқын дәлелі. БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан 193 мемлекет арасында электрондық үкіметті (UN Global e-Government Development Index) дамыту бойынша 28-ші орынды иеленді. Атап айтқанда, «онлайн-қызметтер сапасының индексі» бойынша біздің еліміз 8-орынға ие болды.
          «ҰАТ» АҚ Қазақстанның «электрондық үкімет» операторы ретінде цифрландыруды дамытуда үлкен рөл атқарады. Қазіргі уақытта eGov.kz «электрондық үкімет» порталының пайдаланушыларының саны13,5 млн-нан асады, 415 млн-ға жуық қызмет пен сервис алынды.
         VII сайланған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің негізгі Өңірлік цифрлық хаб ретіндегі ұстанымын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, цифрландыру экономиканың барлық салаларын және қазақстандықтардың өмірінің барлық салаларын қамтуы тиіс.
«ҰАТ» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
          Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1