Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЛТАЛЫ АЗАМАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҚАЛТАЛЫ АЗАМАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ҚАЛТАЛЫ АЗАМАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған, кеудесінен итермеген текті халық екені тарих қойнауына енген сан ғасырлардан бері белгілі. Тәуелсіз елдің бүгінгі азаматтарының ішінде қанға сіңген қасиетті, ата дәстүрді жалғастырып, дәріптеп келе жатқандары да баршылық. Мемлекетке алақан жайып отыруды жөн санамаған ел ағалары түрлі қоғамдық қайырымдылық қорларын ашып, көптің көмегімен шын мұқтаж жандарға қолұшын созып келеді.

Сондай қайырымдылық қорларының бірі «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қоры Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» аясында Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде қайырымдылық шарасын өткізді.

Шараға ауыл мешітінің жамағаты мен қалталы азаматтары демеушілік жасады. Жылдағы дәстүр бойынша Смат Абдрамановтың ұйымдастыруымен ауылдағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасыларға қысқы жылыту маусымына орай қатты отын таратты.

«Мұндай қайырымдылық шаралары жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Тек көмір, отын ғана емес, кезең-кезеңімен азық-түлік пен күнделікті тұтыну заттарын да үлестіріліп келеді. Бұл шараларға жергілікті азаматтар демеушілік жасауда» дейді Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері Асылхан Данияров.

Жомарт жандардың қайырымдылығының шарапатын көріп келе жатқандардың бірі Ұлбосын Төлешова. Екі перзенттің анасы отанасымен түрлі жалдамалы жұмыстарды істеп, отбасын асырап күнелтіп келеді. Қыс ауасы жақындап, салқын түскелі жұмыстың реті келмей үйде отыр. Қатты отыннан қиналып отырған отбасына көмірдің жеткізілуі үлкен көмек.

«Біз секілді мұқтаж отбасыларға қолұшын созып, көмек беріп отырған қолы ашық азаматтарға айтар алғысым шексіз! Бізге жасаған жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын!» дейді Ұлбосын Төлешова.

Айта кетейік, қайырымдылықты қайырлы іс санайтын азаматтар бұл жолы 45 отбасыға 40 тонна көмір үлестіруді жоспарлап отыр.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Шардара ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1