Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХЫ ДӘРІПТЕЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХЫ ДӘРІПТЕЛДІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХЫ ДӘРІПТЕЛДІ

         Елімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы 14-23 наурыз күндері аралығында 10 күн тойланбақ. Соның төртіншісі, яғни, 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні» деп аталды. Соған байланысты Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  «Өткенге тағзым — болашаққа тағылым»  атты аудандық семинар-кеңес С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінде болып өтті.
         Семинардың ашылу салтанатында  Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Асанхан Қошкаров сөз сөйлеп, іс-шараның өскелең ұрпаққа берер рухани құндылығының мол екенін атап өткен іс-шара «Өткен күн тарих»  тақырыбында ұйымдастырылған көрмеден бастау алды. Мектеп фойесінде ұйымдастырылған көрме тарихи тұлғаларымыздың өмірінен сыр шертті. Сосын ол «Тарихқа тағзым» атты әдеби композициялық кеште оқушылардың сахналық қойылыммен жалғасын тапты.
         Қойылымда сонау сақ дәуірінен бастап түркі қағанаттарындағы батырлар бейнесі, Қазақ хандығының тұсындағы қиындықтар мен жеңістер, орыстың отарлауы, алаш орданың құрылуы мен желтоқсан оқиғасы, сондай-ақ бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі — ерекше форматпен көрсетілді.
        Іс-шараның қорытындысы «Туған жерге тағзым» атты тақырыппен жалғасын тауып, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тарихымыз дәріптеліп, «Қазақ» деген ұлттың қалыптасуы туралы баяндалды.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1