Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырғанының жақсы білетін Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтауды алға қойды. Сол себепті, ол әр салада білек сыбана қызмет істеп жүрген барлық этностың басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, өзге мемлекеттерге үлгі-өнеге бола білді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Елбасымыздың телеранттылық ұстанымына сәйкес этнос өкілдері де қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек. Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілділігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді.
Тәуелсіз елімізде татулықтың, достықтың, бірліктің берік негізі қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, өз Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал қызмет ету. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Мукадас Бабаева, Мақтаарал ауданы тәжік этносының өкілі.