Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН 2 САТЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ

Қаралым: 21
      «Шекарасыз репортерлер» ұйымы 2021 жылға арналған бүкіләлемдік баспасөз бостандығының индексін жариялады — деп хабарлайды Adilsoz.

Қуантарлығы Қазақстан ол көрсеткіш бойынша 2 сатыға жоғарылапты. Өткен жылы біздің ел 157-ші орында  болса, қазір 155-ші орынға тұрақтаған. Алайда сарапшылар мұны қуантарлық жаңалық ретінде қабылдамауда. Себебі біз әлі де «нашар аймақта» тұр екенбіз.

       180 елдегі баспасөз бостандығы бойынша сараптама жасалған есепте – көршіміз Ресей 150-ші, Өзбекстан 157-ші орынға табан тірепті. Ал алдыңғы үштікке Норвегия, Финляндия, Швеция елдері  орналысыпты.
Гүлмира ЖҰМАТАЕВА,
Алматы қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *