Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЖД САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҚАЖД САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАЖД САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының аға маман-санитариялық дәрігері Мемлекет басшысының Құрмет грамотасына ие болды.
Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен түрлі саладағы қазақстандықтардың үлкен тобы Отанымыздың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалармен және грамоталармен марапатталды.
2020 жыл бүкіл әлем тарихында есте қалды. Коронавирустық пандемия вирустардың шығу тарихының құпия болмысының және медициналық қызметкерлердің бостандықтағы және бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтар үшін маңыздылығын айқын көрсетті.
Әділет майоры Ақжұлдыз Кенжебайқызы 2011 жылдан бастап Ішкі істер және қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қызмет атқарады. Қызмет өткеру кезеңінде майор өзін адал, атқарушы қызметкер және сауатты маман ретінде жағымды жағынан көрсетті. Карантин кезеңінде жеке құрам мен арнайы контингент арасында Департаменттің санитариялық дәрігері Сovid-19 тестіне талдау алу жолымен кешенді профилактикалық жұмыс жүргізді. Жалпы, Ақжұлдыз Кенжебайқызының 400-ден астам қызметкері мен 1800-ден астам сотталушысы тексерілді. Күнделікті санитариялық-эпидемиологиялық тексерулер, астаналық ҚАЖ мекемелерінің аумағындағы барлық объектілерді дезинфекциялау, сотталғандарды тамақтандыруды, сумен жабдықтауды, материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды бақылау, оларға және жеке құрамға әдістемелік, сондай-ақ практикалық көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті медициналық қамтамасыз ету тобының аға маманының міндеттерінің толық спектрі осындай.
Бұдан басқа, қаланың аймақтық-вирусологиялық зертханасының қолдауымен Ақжұлдыз карантиндік бөлімшеде ұсталатын және қылмыстық-атқару жүйесінің басқа мекемелерінен этаппен әкетілетін арнайы контингентті диагностикалауға қатысады.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1