Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ІС-САПАРДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ІС-САПАРДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ

ІС-САПАРДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ

           Мақтаарал ауданы әкімі Б.Асановтың тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров бастаған бір топ мақтааралдық делегация Қытай Халық Республикасының Үрімші және Қуарлы қалаларында болып, бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты.
          Қытайдың экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, Мақтаарал ауданында енгізу, өңірде зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру – іс-сапардың басты мақсаты.
          Делегацияның құрамында аудандық мәслихаттың депутаты Тимур Адамбеков, Иіржар ауылдық округінің әкімі Әбдіғаппар Биболов, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Берік Агенов және бірнеше кәсіпкерлер бар.
          Сапар барысында делегация мүшелері мақта және жүгері оратын комбайндарды құрастыратын зауытта, тауық фермасында, ет, мақта майы, жем, шырын шығаратын цехтарда, тамшылатып суғаруға арналған таспаларды және жылыжайға арналған пленка шығаратын зауыттарда арнайы болып, өндіріс орындарының жұмысымен кеңінен танысты.
        Қытайлық бизнес өкілдерімен арнайы кездесіп, аталған кәсіпорындарындағы станоктардың бағасын, орнату мен Қазақстанға жеткізу нарқын білді. Сондай-ақ, аталған өңірлердегі ағын су және ирригациялық жүйелердің құрылысымен танысты.
           Мақтааралдық кәсіпкерлер іс-сапардың нәтижесінде  черепица, шеге, жем шығаратын станоктарды Мақтааралға алып келіп, шағын цехтарды ашуға ниетті екендерін жеткізді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1