Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ УАҚЫТША ЖҰМЫС ІСТЕМЕУ СЕБЕПТЕРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ УАҚЫТША ЖҰМЫС ІСТЕМЕУ СЕБЕПТЕРІ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ УАҚЫТША ЖҰМЫС ІСТЕМЕУ СЕБЕПТЕРІ

        2023 жылы 6 ақпанда Индустриялық даму қоры autonesie.kz сайтында жеңілдетілген автокөлік несиесін іске қосты. Пайдаланушылардың көптеп келуіне байланысты «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ сүйемелдейтін Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзімен қорғалатын жекелеген сервистерге көптеген өтініштер жасалды.
         Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі «Электрондық үкіметтің» тізбегін және басқа мемлекеттік жүйелерді қорғау үшін жоғары және қалыптан тыс жүктемерлер болған жағдайда «сақтандырғыш» ретінде қызмет атқарады.
        Сұраныстар санының көп болуы Электрондық үкімет интернет-трафигін бұғаттады, сол себепті «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін ресурстар қолжетімсіз болды.
        Порталды әзірлеу және іске қосуды Индустриялық даму қоры келісімсіз, сондай-ақ «ҰАТ» АҚ инфрақұрылымдық және техникалық қолдауынсыз дербес жүзеге асырғанын атап өткен жөн.
        Пайдаланушылардың өтінімдеріне қол қою үшін портал жұмысында пайдаланылатын электрондық үкімет сервистері штаттық режимде жұмыс істеді және порталдың жұмысына әсер етпеді.
         «ҰАТ» АҚ басшылығы уақытша қолайсыздықтар үшін электрондық үкімет порталының пайдаланушыларынан кешірім сұрайды. Сонымен қатар, электрондық үкімет АК инфрақұрылымының операторы бола отырып, келесі ретте жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларды іске қосу кезінде осындай жағдайды болдырмау мақсатында мүдделі тараптарға көмек көрсетуге дайын екендігін білдіреді.
«ҰАТ» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
           Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласыңыз:
Асия МУСАБЕК.
press@nitec.kz +7 (7172) 701665 ішкі. 3033

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1